"Директор қызметінен босатылды": Мектеп оқушылары дәлізге сыймай қалған

1 660

Фото: видеодан скриншотЖеліде Алматыдағы №41 мектептің оқушылары дәлізге сыймай жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кадрлардан оқушылардың бір-бірінің үстіне міңгесіп, айқайлап жатқанын байқауға болады. Алматы білім басқармасының хабарлауынша, аталған жағдайдан кейін білім ордасының директоры қызметінен босатылды.

"Жобалық қуаты 870 орынға есептелген мектепте екі ауысымда 1426 оқушы білім алады. Білім ордасындағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 2023 жылы "Самғау-2" шағын ауданында 2000 орындық "Комфорт" мектебінің құрылысы басталды. 27 ақпан күні екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде оқушылар қарасы көбейіп кетті. Оның себебі – оқушылардың киімін ауыстыру үдерісінің дұрыс ұйымдастырылмауы", - делінген хабарламада. 

Мектеп әкімшілігінің мәліметінше,  білім ордасында бұрын соңды мұндай жағдай болған емес. Зардап шеккендер жоқ.