Ер адам бұрынғы сүйіктісін сотқа беріп, 2,5 млн теңге талап етті

1 517

Фото: Baq.kz архиві/Артем ЧурсиновЖамбыл облысындағы Қордай аудандық соты 2,5 млн теңгені өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, ер адам бойжеткенмен шамамен 4–5 ай бойы жақын қарым-қатынаста болып, екеуі болашақта отбасын құруды жоспарлаған. Осы уақыт аралығында ол әйелге және оның екі баласына тұрмыстық және материалдық қолдау көрсету мақсатында түрлі сомада ақша аударып отырған. Араларындағы қарым-қатынас тоқтағаннан кейін ер адам бұрын аударған қаражаттарының барлығын қайтаруды талап еткен. Бойжеткен бұл талаппен келіспей, ер адамды бұғаттап тастаған. Осыдан кейін ол сотқа жүгініп, жауапкерден 2 500 000 теңге көлеміндегі қаражатты және мемлекеттік баж салығын өндіріп алуды сұраған.

Жауапкер өз кезегінде талап арызды мойындамай, ер адамның аударған қаражаттары оның өз еркімен берілген материалдық көмек екенін түсіндірген. Сондай-ақ ол бұл қаражаттың бір бөлігі күнделікті қажеттіліктерге, соның ішінде дәрі-дәрмек, киім-кешек және балалардың тұрмыстық шығындарына жұмсалғанын айтқан. Іс бойынша тараптардың уәждері сотта қаралып жатыр.

Сот ақшаны талап қоюшының өз еркімен аударғанын және өтеусіз материалдық көмек сипатында болғанын анықтады. Қайтарымдылық не тараптар арасында шарттық міндеттемелердің болуы шарттарында ақша берудің дәлелі берілген жоқ. Сот шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды, – деді Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.