38 жетім баланың құқығы бұзылған

1 139

Фото: MidjourneyМаңғыстау облысында прокурорлардың ықпалымен жетім балалар тұрғын үй кезегіне қойылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаңаөзен қаласының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім балалардың тұрғын үй кезегіне қойылмағаны анықталды.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық балалар тұрғын үй кезегіне енгізілді.

Заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауапқа тартылды.