Алименттен жалтарғандар үйі мен көлігінен айырылды

1 380

Фото: istockphoto.comСоңғы жылдары алиментті уақытылы төлемейтін ата-аналармен жұмыс қатаңдатылғанымен, тиісті төлемді жасамай жүрген жандар әлі де бар, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Павлодар облысының прокуратурасы балалары алдындағы міндетті өтемей жүрген әкелер мен аналарға қатысты шараларды қолға алды. Нәтижесінде жыл басынан бері олар балалары алдындағы 875 млн теңге қарызды өтеді.

Кейбірі алиментті уақытылы төлей алмай жүргеніне жұмыссыздық себеп екенін алға тартқан көрінеді. Сондықтан 330 борышкерге жұмыспен қамту орталығына есепке тұру қажет екені ескертілді. Тағы 90 адам тұрақты табыспен қамтылды.

"Шаралар барысында борышкерлердің жылжитын және жылжымайтын мүлкі де ескеріледі. Айталық, 38 ата-ананың жүргізуші куәлігінің жарамдылығы уақытша тоқтатылды. Балаларына қарыз болып жүрген 6 адамның көлігі айып тұрағына қойылды. Сол сияқты жалпы сомасы 22 млн теңгеден асатын 8 жылжымайтын мүлік берешектің өтемі ретінде өндіріп алушыларға берілді", - деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.

Сонымен қатар, алиментті төлеу міндетін орындамағаны үшін 34 адам қылмыстық жауапкершілікке, 260 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.