Қызылордада жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көпір халық игілігіне берілді
523
Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде жүргіншілерге арналған жаңа көпір тұрғындардың игілігіне берілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қызылорда теміржолының Белкөл станциясында 2010 жылдан бері темір жол желісінің үстінен өтетін көпір салу мәселесі шешімін таппай келген.
Теміржолдың арғы бетінде 1 мыңнан аса тұрғын тұрады. Ал, оң жақ бетінде, бірқатар әлеуметтік нысандар: мектеп, балабақша, амбулатория және тағы басқа нысандар орналасқан. Осы орайда, құны 225 миллион тенгені құрайтын көпірдің құрылысы 2021 жылы басталған болатын.
Бүгінде кент тұрғындары үшін маңызды әрі қажетті нысан болып табылатын жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысы аяқталып, халыққа берілді.
Ел игілігіне арналған көпірді қала әкімі салтанатты түрде ашты.
Бірнеше жылдан бері көтеріліп келген мәселеге нүкте қойылып, қолайлы жағдай жасалғанына белкөлдіктер ризашылықтарын білдіріп, ел азаматтарына ақ батасын берді.
Айта кету керек, қазіргі таңда аймақ басшысының қолдауымен қала көлемінде жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Биыл қала мен оған қарасты кент және ауылдық округтер бойынша жалпы сомасы 10 млрд. теңгеге
231 көше жөнделеді. 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады. Ол үшін облыстық бюджеттен 690 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар, Ғани Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі құрылысына Ұлттық қор және облыстық бюджеттен 320,6 млн. теңге бөлініп, алдағы айларда құрылыс-монтаж жұмыстары бастау алады.
Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін темір жол өтпесін салуға жоба-сметалық құжаттамасын сараптама қорытындысымен әзірлеуге облыстық бюджеттен 51,2 млн. теңге бөлініп, құжаттары рәсімделуде.
Бәйтерек тұрғын ауданына «Қызылжарма» каналы арқылы көпір құрылысы да қарқынды жүргізілуде.
Жалпы бөлімше бойынша 7 станцияда жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынған. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінен алынған мәліметке сенсек, биылғы жылы осындай көпір Қызылорда – Белкөл жол аралығының 2824 шақырымы 9 пикетінде, айтыла беретін қаланың Шұғыла-КБИ шағын аудандары тұсында, Арал қаласында және Жалағаш кентінде де салынып қалуы ықтимал. Сонымен қатар бөгде адамдардың теміржолды кесіп өтуіне тосқауыл болатын тор қоршаулар Қазалы, Жосалы және Қызылорда станцияларында орнатылған. Иесіз малға қарсы сымды қоршаумен жол бойының 898,65 шақырымы қоршалған. Өткен жылы 90 шақырым қоршау жаңадан салынса, ағымдағы жылы телімдердің 102 шақырымына малға қарсы қоршау салу жұмыстары жоспарланған болатын.

Бұл көпір халықтың көптен бергі сұранысы бойынша салынып, тұрғындардың теміржолдан өту қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Көпір құрылысы өткен жылы басталды. Құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде жүргізгені үшін мердігер мекеме «Голден сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.
Ұлт даналығында «құдық қазған, көпір салған және ағаш еккен» деген үш сауап бар. Бүгінде біз сол сауаптың ең күрделісі және маңыздысын орындадық. Мұны адам тағдырына жауаптылық, қолайлы мүмкіндік жолы деп есептеймін - деді шаһар басшысы Шаменов Асылбек Өмірбекұлы.

Тағы да оқыңыздар
Сәтбаевтың шәкірті
1 504