"Баланы зондпен тұншықтырған": 1,5 жасар баланың өліміне дәрігерлер кінәлі

1 618

Екібастұзда бір жарым жасар бала жергілікті ауруханада көз жұмған. Оның жақындары бұған медбикенің немқұрайлылығы себеп болды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.



Баланың анасының айтуынша, олар клиникаға жөтелмен келген. Ұлы дұрыс дем ала алмаған. Сол кезде медбике зонд салып, түтік арқылы сұйықтық құйып, баланың мұрнын жауып тастаған. Анасы осыдан кейін бала тұншығып қалғанын айтады.


“Баламның дене қызуы болмады. Тек жөтел мазалады. Ұлым екеумізді педиатрия бөліміне жатқызды. Дәрігерлер болған жоқ. Тек медбикелер келіп, бірнеше рет дәрі салды. Дәрігерге барғанымда, медбике сәбиімнің асқазанына су құйып, қақырықты тазарту үшін зонд енгізді. Енді бізде зонд асқазанға түспей, өкпенің қуыстарын жауып, баланы тұншықтырды деген күдік бар”, – деді Екібастұз қаласының тұрғыны Дана Құрманғалиева.


Денсаулық сақтау басқармасы баланың аурушаң болғанын айтты. Ол пневмония, жүрек патологиясы, ми ишемиясы және бактериялық сепсиспен туған. 5 қазанда бала жергілікті ауруханаға жатқызылып, жеті сағаттан кейін мерт болған. Мамандар тергеу жүргізіп жатыр. 


“Аутопсия сот-медициналық сараптаманың Павлодар филиалында жүргізілді. Бала кенеттен көз жұмды. Диагноз гистологиялық зерттеуден кейін ұсынылады. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тергеу жүргізу үшін Екібастұз өңіріне баратын бригада құрды”, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Гүлнәр Жармакина.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.