Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында 2 млн жұмыс орны құрылады
184
«Халықтың табысын арттыру» бағдарламасы аясында 2 млн жұмыс орны құрылады. Бұл туралы аталған бағдарламаны таныстырған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің тең жағдайын жасау тұрғысынан салалық арттырушы коэффициенттерді белгілеу және қолдану мәселелеріне ерекше назар аударған жөн. Біз Үкіметтің құзыретіне еңбек жағдайларын зияндылық және қауіптілік дәрежесі бойынша жіктейтін салалық арттырушы коэффициенттерді есептеу әдістемесін бекітуді енгізуді ұсынамыз»,- деді Кәсіподақтар федерациясының басшысы. Ал Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша сарапшылары бағдарламада көздеген ең пәрменді шаралар онсыз да тұрақты табысы бар адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталғанын айтады.
«Біріншіден, бағдарлама 1 млн-нан аса бюджет саласы қызметкерлерінің, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордың өндірістік персоналының жалақысын арттыруға бағытталған. Оның ішінде 800 мың бюджет, 200 мың өндірістік саладағы азаматтар бар. Келесі жұмада «Самұрық Қазынада» квазимемлекеттік секторға қатысты үлкен кездесу болады. Сол жерде осы мәселелердің бәрі жеке-жеке талқыланады. Сонымен қатар, 2,8 млн қызметкердің жалақысын арттыруды бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа тікелей қатысы бар жобалар арқылы жүзеге асырамыз. Әсіресе, мемлекеттің тікелей қолдауын алатын бизнес саласына 2,8 млн азаматтың жалақысын көтеруге қарсы талап қойылады», - деді Үкімет басшысының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, бағдарлама аясында экономиканың түрлі саласында 2 млн-нан астам жаңа жұмыс орны құрылады. "Өндіріс саласында 950 мың, инфрақұрылым саласында 583 мың, ауыл шаруашылығында 458 мың, туристік салада 59 мың жұмыс орны ашылады. Бұл — қазіргі нақты мүмкіндіктер. Ол ұлттық бағдарламаларда көрсетілген. Дегенмен, мұнан да жоғары көтеруге мүмкіндік болады деп ойлаймыз", - деді Ералы Тоғжанов.
Аталған бағдарламаның қажеттігін Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда айтқан. Пандемия, дағдарыстар тізбегі, қаңтар оқиғасы. Бұл сынақтың бәрі ең әуелі халықтың әлеуметтік жағдайынан көрініс тапқаны белгілі. Бір ауған жүкті қайтадан оңдау қаншалықты қиын болса, халықтың жұқарған қалтасын қалыңдату да соншалықты күрделі шаруа. Бұған дейін әлеуметтік теңсіздіктің ұңғыл-шұңғылын бюджеттен төленетін төлемдер арқылы жабуға бой үйретіп алған Үкіметтің алдынан жаңа мәселе шықты. Келешектің қамына деп құрылған Ұлттық қорды бұдан әрі ысыраптау қауіпті бола бастады. Әлеуметтік төлемдердің бюджетке салар салмағы да, халықтың әлеуметтік ахуалы да ауыр күйінде қалып отыр. Жылдың басында ірі бизнес өкілдерімен кездескен Президент халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден, жылдық табысы 1300 АҚШ долларынан аспайтынын айтқан болатын. Кейін де Президент ресми статистиканың қисынсыз деректері мемлекеттік жоспарлау ісіне кесірін тигізіп жатқанын сынады.Жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің тең жағдайын жасау тұрғысынан салалық арттырушы коэффициенттерді белгілеу және қолдану мәселелеріне ерекше назар аударған жөн. Біз Үкіметтің құзыретіне еңбек жағдайларын зияндылық және қауіптілік дәрежесі бойынша жіктейтін салалық арттырушы коэффициенттерді есептеу әдістемесін бекітуді енгізуді ұсынамыз»,- деді Кәсіподақтар федерациясының басшысы. Ал Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша сарапшылары бағдарламада көздеген ең пәрменді шаралар онсыз да тұрақты табысы бар адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталғанын айтады.
«Жалпы Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы инклюзивті тәсілдерге құрылған. Яғни, негізгі бағыттардың орындалуы жауапты министрліктер мен ведомстволарға жүктелген. Бірақ сол шараларға Цифрлық даму министрлігін қатыстыру шаралары жеткіліксіз. Әсіресе жастарды қолдау, шағын және орта бизнесті сүйемелдеу, Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдайтын шараларды ауқымды интеграциялау ісіне инновациялық технологияларды пайдалану мәселесі мардымсыз ойластырылған. Сондай-ақ, зейнет жасындағы адамдарды шараларға барынша тарту және қамту жағы жеткіліксіз. Бұған дейін біз Ұлттық экономика министрлігіне берген пайымымызда аталған бағдарламаның жұмысы бар адамдарға көбірек, жұмыссыздарға азырақ бағытталғанын айтқанбыз», - деп жазылған Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігінің берген мәліметінде.
Кеше ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдап, вице-премьер Мемлекет басшысына Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берді.