Екі полицей жазықсыз адамды соққыға жығып, кінәні мойындатпақ болған
Қарағандыда екі полицей жазықсыз адамды соққыға жығып, кінәні мойындатпақ болғаны үшін сотталып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қарағанды облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы полиция қызметкерлерінің куәгерге қатысты азаптау әрекеттерін қолдану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді.
Азаматтың басқа тұлғаның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырылғаны анықталды. Қызметтік бөлмеде екі жедел қызметкер оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындау үшін дене жарақаттарын келтірген.