Науқастарға тегін берілуі тиіс 26 мыңнан астам дәрі сатылып кеткен

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИТегін дәрілер науқастарға жетпей, дәріханадан сатылып кеткен. Салдарынан келтірілген залал 36 млн теңгеден асқан, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстанда дәрілік заттарды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі жұмыс істейді. Ол әрбір дәрі-дәрмек қаптамасының өндірушіден бастап пациентке дейінгі қозғалысын бақылауға, сондай-ақ ел бойынша дәрілік заттардың қорын қадағалауға мүмкіндік береді.

— Цифрлық бақылаудың нәтижесінде дәріхана желісі арқылы 26 мыңнан астам қаптама тегін дәрілік препараттың сатылғаны анықталды. Анықталған фактілер бойынша 106 медициналық ұйым мен дәріханаға қатысты тексеру жүргізілді. 60-тан астам ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 20 млн теңгеден асты. Алдын ала есептеулер бойынша келтірілген залал 36 млн теңгеден асады. Материалдар құқық қорғау органдарына жолданды, — деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап цифрлық таңбалау тағамға биологиялық белсенді қоспаларға (ББҚ) да енгізілді, ал 2027 жылдан бастап бұл жүйе медициналық мақсаттағы бұйымдарға да қолданылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.