Қатарласын соққыға жыққан жасөспірімдер ерекше режимдегі мектеп-интернатқа жіберіледі
Желіде жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тараған еді. Түркістан облысының полиция департаменті бұзақылыққа күдікті жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сарыағаш ауданында құрдастары соққыға жыққан балаға қатысты бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұзақылыққа күдікті жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылып, материалдар сотқа жіберілді.
Полицейлер заңды сақтау мен заңсыз әрекеттер жасамауды, ал ата-аналарға жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызы мен жауапкершілігін ұмытпау керегін ескертеді.