Екі бірдей баланы ит талап тастаған

1 546

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында ит талаған екі бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға Глубокое ауданы Белоусовка кентінде болған. Аулада ойнап жүрген екі балаға ит шабыл жасап, талап тастаған. Қазіргі уақытта олар Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызылды. 

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, медициналық көмек көрсетілген балалар дәрігерлер бақылауына алынған. 

Балалардың бірінің жағдайы жақсарып қалды. Ал бет терісінде көптеген тістелген жарақаты бар екінші пациентке шұғыл түрде ота жасалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты, - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.

Оның сөзінше, әуелде балалардың бірі өзін ит талағанын мойындамай, әйнекке құлап қалғанын айтқан. Алайда жарақаттарынан ит қапқаны айқын көрінген. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.