Ақтау тұрғындары үйдің подъезіне газ балонын жағып, қазан асқан

198

Фото: «Premium Plaza» тұрғын үй кешені тұрғындарыАқтауда өткен жылдың соңында қолданысқа берілген «Premium Plaza» тұрғын үй кешенінің төртінші подъезд тұрғындары алтыншы қабартқа газ баллонын орнатып, дәлізде қазан асқан, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрғындардың айтуынша, бұл жерде үнемі балалар жүгіріп, ересектер ерсілі-қарсылы жүреді екен. 
Кейін бұл әрекет үйдің WhatsApp-тағы чатында да талқыланған. Өкінішке қарай, күзетші подъезде қазан қайнатып жатқандарға қарсы ештеңе істей алмады. 

Тамақ піскен соң қазан мен газ баллонын алып тастаған. Бірақ подъезд қабырғаларын күйе басқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.