Қатерлі ісікпен ауыратын әйел сәбиі үшін аяғын құрбан етті

420

Қатерлі ісікпен ауыратын 28 жастағы Кейтлин Озборн қызын өмірге алып келуі үшін аяғын кесуге бел буған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Mirror сайтына сілтеме жасап.


Кейтлин 11 жастан бері қатерлі ісікпен күресуде.Қызға остеосаркома диагнозы қойылған. Қыздың аяғына ота жасалып, тізе бөлігіне екі металл таяқшасын қойған. Сәтті жасалған емдеулерден кейін ауруды 11 жылға артта қалып, 2016 жылы өкпе метастазаларымен оралған. Осы уақыт аралығында ол екі бірдей баланы дүниеге әкелген.

Арада уақыт өткеннен кейін ауру қайта қайталанады. Бұл жолы аяқтың ісігі пайда болады. Сонымен бірге тексеру нәтижелері Кейтлиннің аяғы ауыр екенін анықтаған. Оның екі таңдауы болды – баланы алдырып, химиятерапияны бастау немесе аяғын құрбан етіп баланы көтеріп, босануға уақыт ұту. Дәрігерлер шешім қабылдау үшін бір апта ойлануға уақыт береді.
Өзінің қызы болғанын көптен армандап жүрген Кейтлин өзіне және дүние есігін ашып үлгермеген нәрестесіне мүмкіндік беру шешіміне тоқтайды. 
Ампутациядан кейін әйел қызды өмірге алып келіп, оған Аида-Мэй есімін береді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.