Елімізде 7 мамырға арналған әскери шеру өткізілмейтін болды

480

Фото: Ақорда прессҚазақстанда екінші жыл қатарынан коронавирус пандемиясына байланысты 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған шеру өткізілмейтін болды.

Елімізде пандемияға байланысты бір жылдан астам уақыттан бері жаппай іс-шара өткізуге тыйым салынғандықтан, мерекелік шеру өткізілмейтін болған. 

Айта кетсек, былтыр Нұр-Сұлтан қаласында пандемия салдарынан Ұлы жеңістің 75 жылдығына жоспарланған әскери шеру де өткізілмеген болатын. 

2020 жылдың 12 наурызынан бастап Қазақстан аумағында қандай да бір қоғамдық іс-шаралар өткізуге рұқсат жоқ. 

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 миллион теңгеден астам қаражат беру ұсынылғанын жазған едік.

Қалалық мәслихат шешімінің жобасы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланды. 
Әлеуметтік көмек көрсету ережелері бойынша, астаналық ардагерлерге 67 айлық есептік көрсеткіш (195 439 теңге) көлемінде төлем берілуі керек.
 
"Сондай-ақ осы жылы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 805 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету ұсынылады. Осылайша, 26 ардагерге 1 000 439 теңгеден беріледі", - деп жазылған шешім жобасына түсініктеме хатта. 

Шешім жобасы мақұлданған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен 18 миллион 194 мың теңге бөлу қажет болады. 

Жоба 2021 жылдың 26 ақпанына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.