Биыл 109 бірыңғай байланыс қызметіне 90 мыңға жуық өтінім түскен
109 бірыңғай байланыс орталығы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты сұрақтарға жауап береді. 24/7 режимінде қызмет көрсетеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Орталыққа келіп түскен барлық өтініш зерделеніп, әрі қарай мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жолданады. Келіп түскен өтінімдердің ішінде 20143 оқыс оқиға болса, 14355 кеңес беру мақсатында жолданған. 2916 шағым болса, 36 ұсыныс, 137 алғыс және 51 152 өтінім ақпаратқа сұрау салу бойынша тіркелген. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі аппаратының “Жедел әрекет ету орталығы” КММ-нің директоры Руслан Бүркітбаев мәлімдеді.