Ұлытау облысы әкімінің өзге өңірлердің атауын өзгертпек пікіріне не түрткі болды?

2 027
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Қазақстанның кейбір облыстарының атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Өткен жылы ғана құрылған облысымыздың Ұлытау деп аталуының өзі бізге ерекше рух пен күш сыйлайды. Облыс құрылғанда оны Орталық Қазақстан облысы деп атау туралы ұсыныстар болған. Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау өңірі деп атау туралы әділ де тарихи шешім қабылдады. Ұлытау ғана емес, Жетісу, Абай өңірлері де қазақтың киелі жері, ұлы тұлғаның есімімен аталды. Мұның өзі жақсы әрі шабыт сыйлайтын сәттер, - деді Берік Әбдіғалиұлы.

"Бұл өзгерісті 30 жыл күттік": Ақмола облысының тұрғындары ауылдардың атауын қазақшалау бойынша бастаманы ықыласпен қабылдады

Павлодар облысында Совхозная және Декабристов көшелерінің атауы өзгереді
Аймақ басшысының айтуынша, бұл үрдіс Қазақстанның өзге аумақтарында да жалғасуы тиіс.

Өйткені кеңестік кезеңнен бері аймақтарға әкімшілік атау беру дәстүрі болған. Әлі күнге дейін мұндай атаулары бар аймақта қалып қойды. Мен олардың орнына мың жылдық тарихы бар киелі жер атаулары қойылуы керек деп есептеймін. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының атын Ақжайық, Шығыс Қазақстан облысын Алтай, Солтүстік Қазақстан облысын Қызылжар, Павлодарды Баянауыл деп өзгертер болсақ, бұл еліміздің барша тұрғындарын жігерлендірері сөзсіз, - деп түйіндеген Берік Әбдіғалиұлы.