Қылмыстық топ қыз баланы сексуалды жұмысқа сатқан

1 373

Фото: istockphoto.comАстанада 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ қыз баланы жыныстық құлдықта ұстағаны анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жүйелі негізде адам саудасына және онымен байланысты қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қараша айының соңында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелерімен «STOP-трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, 44 қылмыс анықталды.


«Адамдардың «трафигіне» байланысты ұйымдасқан қылмыстық топқа (бұдан әрі ҰҚТ) қатысқаны үшін сотқа дейінгі 2 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Атап айтқанда, Астанада жыныстық қанау бойынша жүйелі түрде қылмыс жасаған, ҰҚТ-ның қылмыстық әрекеті тоқтатылып, 5 күдікті адам қамауға алынды. Сондай-ақ Павлодар облысында осындай ҰҚТ-ның жолы кесіліп, 5 қылмысқа қатысушы тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Еңбекке қанау фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Абай облысында, 3 жыл бойы 40 жастағы ер адамды физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, еңбек қанауында ұстаған шаруа қожалығының иесі ұсталды. Жәбірленушіге Медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар Қонаев қаласында казинолардың бірінде жүйелі негізде сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсету фактілері анықталды. Полицияға 14 адам, оның ішінде осы мекеменің қызметкерлері жеткізілді. Осыған ұқсас қылмыстар бүкіл елде анықталды. Осы бағыттағы іс-шаралар жалғасуда», - делінген хабарламада.