Төрт қолы мен төрт аяғы бар сәби дүниеге келді

1 500

Фото: Jam Press/Rare Shot NewsҮндістанның Мадхья-Прадеш штатында төрт қолы және төрт аяғы бар сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Ерекше нәресте 23 тамызда Лавкушнагар қаласында 29 жастағы әйелден туған. Сәбидің кеуде тұсы мен іш аймағына қосымша екі қолы мен екі аяғы жалғасып орналасқан.

Дәрігерлер мұны өте сирек кездесетін “паразит егіз” құбылысы болуы мүмкін деп болжап отыр. Мұндай жағдайда жүктілік кезінде егіздердің бірі толық дамымай, екіншісінің денесіне жабысып қалады.

Нәрестенің салмағы шамамен үш келі. Қазір оның жағдайы тұрақты. Дәрігерлер толық медициналық тексеру жүргізіп, әрі қарайғы емдеу жолын анықтамақ.

Ерекше сәбидің дүниеге келгені туралы хабар тараған соң, аурухана маңына оны көруге келген адамдар жиналған. Үндістанда мұндай туа біткен ерекшелігі бар балаларды кейбір тұрғындар құдайдың жердегі бейнесі деп қабылдайтыны айтылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.