Павлодарда жүргізуші өз көлігінің астына түсіп, мерт болды

201
Павлодар облысында жүргізушіні КамАЗ басып кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға кеше сағат 11.20 шамасында Ақсу қаласының жанармай құю станцияларының бірінің аумағында болған.

«КамАЗ 5410 автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі көліктің қозғалтқышын іске қосуға тырысып, машинаның астында болған. Қозғалтқыш іске қосылған сәтте көлік орнынан қозғалып, жүргізушіні басып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерекке қатысты медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.