Алдағы үш күнде Қазақстан полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді

1 604

Республика күні қарсаңында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді, -   деп  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев ведомствода өткен брифингте  ІІМ Республика күнін мерекелеу кезінде тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді күшейту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. 


"24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне ауыстырылатын. Әр облыстағы әкімдіктермен бірлесіп, мәдени-көпшілік шараларды өткізу орындар белгіленді, құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарының есебі дайындалды. Осы күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген", - деді ол. Айдын Оразбаевтың айтуынша, полиция жасағы азаматтар жаппай жиналып, демалатын орындарға жақын орналастырылмақ. "Жағдайды бақылау үшін Ішкі істер министрлігінің базасында жедел штаб құрылады, ұқсас штабтар барлық өңірде ашылады. Жалпы министрлік Республика күні азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету үшін бар күшін салады", - деді Оразбаев.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.