Қаскелеңде шошырлық оқиға: Мектепке жалаңаш адам терезені сындырып кірген

1 500

Фото:© Видеодан скринҚаскелеңде жалаңаш ер адам мектеп аумағына мектеп ғимаратына еш кедергісіз кіріп кетті. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқиға сәрсенбі күні Отарвановка шағынауданындағы Әлімқұлов атындағы мектепте болғаны хабарланды.

"Мектеп әкімшілігі мен жауапты органдардан болған жағдайға қатысты түсініктеме беріп, оқу орнында күзет пен ғимаратқа кіруді бақылау жүйесі қалай ұйымдастырылғанын түсіндіруді сұраймыз", – деп жазды желідегілер. 

Алматы облысының Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Оқушылар мен мұғалімдер арасында зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық істі тергеу аясында күдіктінің психикалық денсаулығы да тексеріледі", – делінген ведомство хабарламасында.

Дереккөздердің мәліметінше, полиция "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.