Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық саябағы екі күннен бері өртеніп жатыр

237

Павлодар облысындағы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі екі күн бойы өртеніп жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.



"2 маусым күні сағат 12.10-да Баянауыл ауданында МҰТП аумағында Жасыбай орман шаруашылығы 17 орам, 32 учаске және Баянауыл орман шаруашылығы шекарасында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт Тақыр тау сияқты жету қиын жерлерде болды. Сөндіруді қатты жел қиындатып отыр", – деді жұма күні Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов.


Өрттің болжамды аумағы 5 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге 40-қа жуық техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылған. Бақылау күзетінде 30 адам тұр.


Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаевтың айтуынша 3 маусымда сағат 9:30-дағы жағдай бойынша Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бақылауға алынған. Шатқалдардың бойындағы биік нүктелерде түтін шығуда. Ашық өрттің таралу қаупі жоқ. Алайда жою сөндіру жұмыстары әлі де жүргізілуде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.