Депутаттар педофилдерге хирургиялық кастрация жазасын енгізуді ұсынды

1 673

Мәжіліс отырысында депутаттар педофилдерге хирургиялық кастрация жазасын енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұған дейін түрмеде жазасын 10-15 жылдан бері өтеп, үлгілі тәртіппен көзге түскендерді бостандыққа шығарарда химиялық кастрация жасау міндет болған. Педофилдер бұл жазаның өзінен де оңай құтылып кетіп жатыр екен. Сылтау көп. Соның бірі - химиялық қоспа бауырға, бүйрек жұмысына кері әсер етеді. Ең сорақысы, темір тордан шығар алдында анықтама сатып алып, жас сәбилерді қайта зорлау фактілері де тіркелген. Сондықтан депутаттар педофилдерге жазаны қатаңдатып, оларды өмір бойына бас бостандығынан айырып және түрмеге түсе сала хирургиялық кастрация жасауды талап етіп отыр.


"Мұндай адамдарды адам деп айту қиын. Бұдан да үлкен жаза болуы керек. Біздің занамаға қарай өмір бойына бас бостандығынан айыру бар, басқа варианты болмауы керек. Бірақ бұдан басқа да химиялық кастрациядан бөлек, хирургиялық кастрация жасау мәселесін енгізу керек. Кейбір, мысалы, 10-15 жыл бұрын сотталғандар шығатын болса, қазіргі уақытта химиялық стерилизация бойынша «бауырым ауырады» басқа да мәселелер бар деп шыға келеді",-дейді депутат Асхат Аймағамбетов.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.