Алматыда кәмелетке толмаған бала пышақ жарақатынан көз жұмды

1 510

Фото: ЖИ көмегімен жасалған Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. 12 жастағы бозбала пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдайға оның 13 жастағы танысының қатысы бар, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

 Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат қоғамның алаңдаушылығын күшейтті. Марқұмның жақындарының айтуынша, 12 жастағы жеткіншекке 13 жастағы екі жасөспірім бірнеше мәрте пышақ жарақатын салған. Туыстары бұл істің жан-жақты әрі әділ тергелуін талап етіп, кінәлілердің заң алдында тиісті жауапкершілікке тартылуын сұрап отыр.

 Осы жайтқа байланысты Алматы қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның дерегіне сәйкес, 10 маусым күні Түрксіб ауданында пышақ жарақатын алған 12 жастағы бала қайтыс болған. Аталған оқиғаға қатысы бар деген күдікпен Алматы қаласының 13 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті жәбірленушімен бұрыннан таныс болған.

- Алдын ала мәлімет бойынша бұл жағдай кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал барысында болған. Қазіргі уақытта күдікті мамандандырылған мекемеге орналастырылды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау және объективті тергеу жүргізу мақсатында кешенді тергеу әрекеттері атқарылып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

 Сонымен қатар полиция өкілдері тергеу нәтижесіне сәйкес күдіктінің ата-анасының әрекетіне де құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша оларды жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.