Жасөспірім теміржол маңынан ес-түссіз табылды: қылмыстық іс қозғалды

1 514

Фото: Opennews.kz ЖИШымкентте 17 жастағы жасөспірім теміржол бойынан ауыр жарақатпен табылып, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның туыстары әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап, оқиғаның мән-жайын анықтауды өтінді, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Туыстарының айтуынша, жасөспірім 24 қыркүйек күні кешкі уақытта компьютер клубына барамын деп үйден шыққан. Кейін оны темір жол бойынан ауыр жарақат алған күйде тапқан.

“Темір жол бойымен келе жатқан жүк пойызының машинисі інімді байқап, шұғыл тоқтап, жедел жәрдем шақырған. Бауырымның жарақаты ауыр. Шамамен 1,5 литр қан жоғалтқан. Басы екі жерден жарылған, жамбасы сынған, күретамыры зақымданған. Сонымен қатар қабырғасы сынып, өкпесі жарақаттанған. Миына да қан құйылған”, – деді туысы

Жасөспірімнің туысының сөзінше, тергеу жалғасып жатыр. Ал інісінің денесі бейнебақылау камералары жоқ жерден табылған. “Алайда оның темір жол бойымен жалғыз өтіп бара жатқанын сол маңда жұмыс істеп жүрген теміржол қызметкері байқап қалған. Нақты уақытын айта алмадым, шамамен сағат 23:00-23:30 аралығы болуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, жарақаттарының сипатына қарап, оны біреу ұрып-соққан немесе көлік қағып, кейін теміржол бойына апарып тастаған болуы мүмкін деген болжам бар. Себебі пойыз астына түскен жағдайда жарақаты бұдан да ауыр болар еді. Қазір аяқ-қолы бүтін. Егер пойыз басып кеткен болса, мұндай жарақатпен шектелмеуі мүмкін еді. Бірақ оқиға болған жер жүретін жол емес”, – дейді туысы.

Департамент дерегінше, қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

“Аталған факті бойынша Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық қажет тергеу әрекеттері жүріп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.