Жаңақорғанда әуесқой футбол лигасы басталды

105

Жаңақорған кентіндегі орталық стадионда Жаңақорған ауданының әуесқой футбол лигасының көктемгі-жазғы маусымдағы аудандық біріншілігі басталды,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

 

Жарысқа кент және ауылдық округтерден 14 команда қатысуда. Әуесқой футбол лигасының көктемгі-жазғы маусымдағы аудандық біріншілігі күз айында қорытындыланады. Жеңімпаз атанған команда Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алады. Айта кетейік, әуесқой футбол лигасына облысқа, ауданға белгілі футболшы Оразалы Тасболатов жетекшілік етеді.

Жарыстың ашылу салтанатында Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы және Жаңақорған аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы сөз сөйлеп, спортшыларды құттықтады. Жаңақорған ауданында алғаш рет ашылып жатқан аудандық әуесқой футбол лигасына облыстық әуесқойлар футбол лигасының директоры Еркен Жантуғанов лигаға қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Әуесқой футбол лигасының көктемгі-жазғы маусымдағы аудандық біріншілігі күз айында қорытындыланады. Жеңімпаз атанған команда Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алады.