ҚАРМАҚШЫДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ ДАМУДА
380
Биыл Қармақшыда жалпы көлемі – 24 326 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, Қармақшы ауылдық округінде құрылыс жұмыстары да қарқынды қолға алынған. Қармақшы ауылындағы су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жобасына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, №13 "Балбөбек" балабақшасының қазандық ғимаратының құрылысы" жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Егін егу маусымы басталар алдында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев азық-түлік қорын көбейту және сырттан алатын өнімдерге деген тәуелділікті азайту үшін әр аудан, қаладағы ауылдарда егін егуге арнайы жер дайындауды және бақша дақылдарын егуді тапсырған еді. Нәтижесінде, аймақта 1454 гектар жер көлемі дайындалды.
Аймақ басшысы Қармақшы ауданына іссапары барысында Жаңажол ауылдық округіндегі егістік алқабына барып, күріш және бау-бақша дақылдарын баптау жұмыстарымен танысты.
Аудандағы ірі шаруа қожалықтарының бірі – «Жаңажол» ЖШС биыл 3 мың гектар жерге күріш еккен болатын. Жалпы ауданда 13 мыңға жуық гектар негізгі дақыл егілген.
Бақша дақылдарын егумен айналысатын шаруалармен кездесіп, егін мәселесінде пікірлесті. Ауылда 123 отбасы ауылда бақшалық егу жұмыстарымен айналасады. Егіс көлемі - 25 гектар, оның ішінде 7 гектар картоп, 3 көкөніс, 15 гектар бақша орналастырылды.
Облыс әкімі қазіргі кезде егісті әртараптандырудың маңызды екенін және әр ауылдың өзіндік ерекшелігін ескере келе, өнімділікті көбейту қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, арналарға су жеткізу, насос қондырғыларын уақытылы алу мәселесін жеделдетуді тапсырды.
Айта кетейік, Қармақшы ауданында егін шаруашылығын әртараптандыру бағытында 316 гектар жер бөлініп, 837 отбасына үлестірілді.
Бүгінде Қармақшы ауданында егілген күріш көлемі – 12 773 гектарды құрады. Сондай-ақ, ауданда 15 шілдеден бастап бидайға орақ түсіп, одан 386,4 тонна өнім алынды. Сонымен қатар ауданда мал шаруашылығында да өсім байқалады. Дәлірек айтқанда, төрт-түлік бойынша өсім орташа 6,8 пайызды құрап отыр.
"Биыл 4 мың гектар жоңышқа орылып, оның әр гектарынан орташа 19,8 центнерден өнім өндірілді. Бүгінде жоңышқаның екінші орымын ору және жинау жұмыстары жүргізілуде. Ауданда су тапшылығының алдын алу мақсатында қашыртқы суды қайта пайдалану және егістік жерлерді суармалы сумен қамтамасыз ету үшін барлығы 57 дана насос қондырғысы іске қосылған. Ал мал шаруашылығы 6,8 пайызға артты. Атап айтқанда, мүйізді ірі қара – 5,1 пайызға, жылқы – 21,6 пайызға, қой – 2,0 пайызға, ешкі – 6,8 пайызға, түйе – 8,6 пайызға, үй құстары – 9,9 пайызға көбейді. Ауданда төрт-түлік санын арттыруға байланысты арнайы жұмыстар атқарылуда", - деді аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов.