"Үздік әкім" ішімдік ішіп көшеде жүрген
Батыс Қазақстандағы Тасқала ауданы, Мерей ауылының әкімі мас күйде көшеде жүрген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап.
1 маусымға қараған түні ауыл әкімі Орынбек Насимуллин мас күйінде ауылды аралап жүрген. Оқиға орнына аудан әкімі Талғат Шәкіров пен прокурор келіпті.
2022 жылы Орынбек Насимуллин “үздік ауыл әкімі” болып танылған.
Әкімге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 440-бабы "Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде бару" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл салынды.
20 маусымда Тасқала ауданының әкімі қызметін атқарушысының шешімімен Орынбек Насимуллинге ескерту жасалды.