Жас кәсіпкер қайтарымсыз қаржы аламын деп қомақты ақшасынан айырылды

215
Шымкенттің 25 жастағы тұрғыны мемлекеттік бағдарлама бойынша қайтарымсыз қаржы аламын деп қомақты ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Хабарлауынша, 25 қазанда бір жылдан бергі танысы мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз қаржы шығарып беремін деп сеніміне кіріп, 700 мың теңге ақшасын иемденіп алған.


Аталған жайт бойынша Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде Шымкент қаласының 27 жастағы тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Ұсталған азаматша бұрын-соңды сотты болмаған. 


Қазіргі таңда аталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.