Әжесі мен екі немересі тірідей жанып кетті

252
Алматы облысында үш және төрт жастағы балалар әжесімен бірге өртеніп кетті. Қайғылы жағдай Космос ауылында болған, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тұрғын үйден шыққан өрт үш адамның өмірін жалмады. Облыстық ТЖД мәліметінше, қайтыс болған балалардың ата-анасы, атасы және 2022 жылы туған ұл бала ауруханаға жеткізілген.
Зардап шеккендердің арасында көршілер де бар. Олардың барлығы түтінге уланып қалған. Алайда әжесі мен оның екі немересін құтқару мүмкін болмады. Олар лапылдаған өрттің арасында қалып қойған. Қазір оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.