Қызылорда тұрғындары электр бағандарынан қорқып дабыл қағуда
639
Қызылорда көшелеріндегі тоқ сымдар адам бойымен шамалас биіктікте тұр, – деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қызылорда қаласының орталық көшелерінде электр сымдары бүгінде стандарттық талапқа сай жалғанбаған. Тұрғындар электр бағаналарына салбырап жалғанған сымдар, ойын балаларын майып етіп қояды ма деп қорқады.
Атап айтсақ, Тәкей Есетов пен Смағұл Сәдуақасов, З.Шүкіров пен Ф. скатков көшелерінің қиылысындағы электр тоқтары тұрғындар өміріне қауіп төндіріп тұр. Көше бойындағы электр сымдарының төмен салбыраған күйі, қауіпсіздік шаралары қолға алынбағанын байқауға болады.
Көріп тұрғандарыңыздай, бұл Тәкей Есетов көшесінің қазіргі хал ахуалы. Көшенің бойында бір емес, бірнеше тоқ сымдарының салбыраған күйі жерде жатқанын көруге болады. Осындай жағдайды көре тұра, ай сайын электр счетчиктерін тексеретін мекеме қызметкерлері басшылықпен бірге, уақытылы назарға алмайтын болғаны ма? Әлде «Энергосервис Қызылорда» мекемесі тек тыпырлатып ақша санауды ғана біле ме?
«Қаладағы негізгі көшелерінің бірінде тұрсақ та, жөнді электр бағаналарына жарымай-ақ қойдық. Бағаналарға жалғанған сымдар адам бойымен шамалас биіктікте тұр. Бұл көшеде қаншама бала кешкісін ойнауға сыртқа шығады. Балаларымыз ойнап жүріп, салбыраған электр тоқтарына шалынып қалады ма деп үрейленіп отырамыз. Басшылықтағы адамдар осы мәселені қолға алып, тоқ сымдарын жөндеп берсе дұрыс болар еді. Әлде, жөндеу жұмыстарын бастау үшін қара жамылып, мерт болғанын күтеміз бе?! » - дейді Айдана Алиева.
Сонымен қатар, Сабалақ саяжайы жарыққа жарымай келе жатқан елді мекеннің бірі. Тұрғындарының да ең проблемалық мәселесі осы электр сымдары. Сабалақтың қазіргі тұрғындарының өміріне зер салсақ, бейне бір 21 ғасырда емес, 19 ғасырда өмір сүріп жатқандай. Өйткені, электр жүйесінен бөлек су, жол проблемаларынан көз ашпайды. Жоғары қуаттағы тоқ кернеулерін байланыстырып тұрған ескі ағаш бағаналары да құлау үстінде тұр. Сабалақ тұрғындары да бірнеше рет басшылыққа электр бағаналары апаттық жағдайда тұрғанын ескертіп дабыл қақсада, еш өзгеріссіз қалғанын айтады.
«Сабалақ саяжайында тұрып жатқаныма біраз болды. Облыс әкімі Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы барып электр сымдарының жерге төмен орналасқаны туралы ескерттік. Бірақ, еш нәтиже жоқ. Өткенде ғана салбыраған сымдарға бір үйдің қара ешкісі шалынып, тоқ ұрып өліп еді. Сол жерде кішкентай бала болса не болар еді?» ,-деді Нұргүл Аманқызы.
Одан қалды, жаз айларында желдеткішті де қоса алмаймыз. Қосқанның өзінде электр жүйесі көтере алмай сөніп қалады. Ең құрығанда Қызылорда әкімдігі «Энергосервис» басшылығына ескертіп осы электр жүйесін дұрыстатып берсе екен!» - дейді ауыл тұрғыны Ернар Жақыпов.
Еліміз әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына қосылып, енді дамыған отыз елдің қатарына қосылуды көздеп отырған дамушы мемлекетпіз деп мақтанамыз. Сонда билік шын мәнінде 50 елдің қатарына кіретіндей статистикалық тұрғыдан халықтың қоғамдағы барлық жағдайын стандартқа сай қамтамасыз етіп қойғаны ма? Алайда, бүгінгі сыйқымызды қарап «Дамымаған 50» мемлекеттің қатарында көшін бастап тұрған секілдіміз.
АЙБАР