Ішкі істер министрлігі іздеуде болған 150 қылмыскердің ұсталғанын хабарлады
247
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифинг барысында ведомство өкілдері іздеуде болған 150 қылмыскерді ұстағанын жеткізді деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның сөзінше, 7 күнге созылған "Құқықтық тәртіп" алдын алу іс-шарасы аяқталған.
"Ол қоғамдық орындар мен көшелердегі құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Шара аясында полиция қызметкерлері ізін суытпай 2 330 қылмыс пен осыған дейін жасалған 584 қылмысты анықтады. Іздеуде болған 150 қылмыскер ұсталды", - деді Нұрділдә Ораз.
Сонымен қатар, ведомствоның ресми өкілі тыйым салынған заттарды заңсыз айналдыру бойынша жеке жедел іздестіру шаралары жүзеге асырылғанын жеткізді.
"Оған есірткі заттары мен заңсыз қаруларды сақтау жатады. Оның қорытындысы бойынша газ, өткір, травматикалық 109 қару табылды. 210 дерек есірткі сақтау бойынша тіркелді. 89 мың әкімшілік-құқықбұзушылық анықталып, 9 мың дерек тәртіпсіздік бойынша, 13,5 мың дерек мас күйінде қоғамдық орындарға шығу бойынша анықталды, - деді Нұрділдә Ораз.
Одан бөлек, министрліктің ресми өкілі жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында апаттың алдын алу шаралары жүзеге асырылғанын сөз етті.
Оның дерегінше, операция аясында мас күйінде көлік жүргізген 796 адам ұсталған, жылдамдықты арттыру фактісі бойынша 7,5 мың дерек анықталған.