Ер адам өзінің досын ұрып өлтірді
212
Оралда екі ер адам жанжалдасып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 18 қыркүйек күні сағат 23.25-те болды.
«Гастелло көшесінде орналасқан үйлердің бірінде бір-бірімен жолдас-жора болып келетін екі ер адам ішімдік ішкен. Отырыс барысында жанжал туындап, 1985 жылғы ер адам қолына үшкір зат алып, өзінен бір жас үлкен азаматтың денесіне зақым келтірген. Соның салдарынан 1984 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.