Бір аптада картоп пен сәбіз бағасы арзандаған
Есепті апта ішінде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағалардың төмендегені байқалды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Апта ішінде пияздың бағасы 4,8%-ға, ақ қауданды қырыққабаттың бағасы 4,6%-ға, картоп 2,9%-ға, сәбіз 2,4%-ға, алманың бағасы 1,1%-ға төмендеген.
Республика бойынша пияздың орташа бағасы 1 килограмына 179 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында – 1 килограмына 135 теңге деңгейінде тіркелген.
Ақ қауданды қырыққабаттың республика бойынша орташа бағасы 1 килограмына 176 теңгені құраған. Ең төмен баға Тараз қаласында – 132 теңге.
Республика бойынша картоптың орташа бағасы килограмына 241 теңгені құраған. Ең қолжетімді бағалар Павлодар қаласында – 177 теңге, Қостанай қаласында – 194 теңге деңгейінде тіркелген.
Қызанақтың орташа республикалық бағасы 1 килограмына 546 теңгені құрады. Ең қолжетімді баға Тараз қаласында – 315 теңге деңгейінде қалыптасты.
Қаз
Рус






