Елбасының құрметіне Алматы облысындағы шекара бөлімшесінің атауы өзгертілді

393
Еліміздің тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Алматы облысындағы "Баянқол" шекаралық бөлімшесінің атауы ауыстырылды. 

Министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес, Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының "Баянқол" шекара бөлімшесінің атауы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы" шекара бөлімшесі деп ауыстырылған. Айта кетейік, елімізде Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне елорда мен ірі қалалардың орталық көшелері, әуежай атауы өзгертілген. Елбасының есімі университеттер, мектептер мен саябақтар, алаңдар мен шыңдарға да берілген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.