"Медеуге" бардым. Көлігім алтынға айналды: тәулігі 12 мың

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИАлматыда ақылы автотұрақ операторы «Медеу» мұз айдыны жанында сағатына 500 теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгілеген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оған қоса тегін тұрақ уақытын қарастырмаған.«Chimbulak Development» ЖШС-на қатысты монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгісін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілдері анықтаған.

Компанияның бағаны негізсіз көтеруі салдарынан көлік иелері 12 сағаттық тұрақ үшін 6 мың теңге, ал 24 сағат үшін 12 мың теңге төлеп келген.

Департамент қабылдаған шарадлардың нәтижесінде компания 15 минуттық тегін тұрақ уақытын енгізіп, автотұрақтың тәуліктік ең жоғары құнын 4 500 теңге көлемінде белгіледі.  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.