Шетелден көлік әкелемін деп сан соқтырушылар көбеюде

13 200

Бүгінде шетелден көлік алдыратын қазақстандықтардың саны көп,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.




Елімізде темір тұлпар тізгендеушілердің саны күн санап артып келеді. Оның ішінде соңғы үлгідегі қымбат көліктерді пайдаланушылар да бар. Сырттан келетін көлікке назары ауатын отандастарымыздың құмары артуда.


Шындығына келер болсақ, утильалымының бұрынғы пайыздық мөлшерлемесі кезінде де қазақстандықтар шетелден көлік әкелуді доғарған жоқ. Бүгін де бұл жағдай өзгермейді. Себебі Қазақстандағы көлік картасын шетелдік бағдарламалармен салыстыруға келмейді. Одан бөлек, қазір шетелде көлік рәсімдеу процесінің жылдамдығы 5 есеге артқан. 


Шетелдегі көліктер Қазақстан нарығымен салыстырғанда кемінде 10 -15 миллионға дейін арзан. Атап айтқанда, Toyota Camry, Subaru, KIA, Hyundai, BMW бұл қазақстандықтар шетелден ең көп алып келетін көліктердің бірі. 


Қазақстандықтар көп жағдайда АҚШ-тан, БАӘ-ден және Грузиядан көлік әкеледі. Әр елдің автонарығының өз ерекшелігі бар, бірақ осы мемлекеттер шетелдіктер үшін ең тиімді жағдайды жасаған. Автосарапшылардың айтуынша,  БАӘ мен Грузия елдері, ең алдымен, көлікті сақтандыру аукциондарынан алып, оның бұзылған жері болса, толық жөндеуден өткізетінін, содан кейін ғана көлікті Қазақстанға жіберетінін айтуда.


Ақысын  беріп тұлпарыңызды тізгіндесеңіз әдемі. Алайда, түрлі алаяқтардың айласы жүзеге асырып сан соқтырып кететіндері де жетерлік. Осы орайда, әлеуметтік желіде миллионға жуық оқырманы бар парақшалар халық сеніміне кіріп, көліктің 70 пайыз ақысын алдын-ала алып, 90-күнде жеткізіп береміз деген жарнама беруші компаниялар ізім-қайым жоқ болуды әдетке айналдырған.


Бүгінде еліміздің әр түкпірінен  мыңға жуық тұрғын шағым түсірген.  Ақша алаяқтардың қолына түскен сәттен-ақ, олардың көзден ғайып болатынын айтудың қажеті де жоқ шығар. Телефон нөмірлері жауап бермейді,   не өшірулі болатыны да ғажап емес.  


Сонымен жеке компаниялардың алдауына түспеу үшін не істеу керек?

Оп-оңай, ақша аудару арқылы төлем жасауды сұрайтын хабарландыруларға назар аудармау керек. Есіңізде болсын: ақша аудару жүйелері бизнеске арналмаған. Ақша жіберу арқылы, сіз төлем мақсатын — ақшалай көмек деп көрсетесіз. Солай екені рас.


Дәл сондай жағдай алдын ала төлемді телефонға не электронды әмиянға салуға өтініш жасалғанда да болуы мүмкін. Егер сіз осы әрекеттерді жасасаңыз демек көлік те ақша да жоқ. Ал, құзырлы органдар іздеу шараларын тжүргізу үшін бір емес бірнеше уақыт алатыны да жасырын емес.