Қызылорда өңірінде динозаврдың сүйектері табылды
Қызылорда өңірінен динозаврдың сүйегі табылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары құнды жәдігер сонау Бор дәуірінде мекендеген тіршілік иесінің қаңқасы болуы мүмкін деген болжам жасап отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Экспедиция Қармақшы ауданының орталығынан солтүстікке қарай 90 шақырым жерде жүргізілген. Бұл маңды ғалымдар Шах-Шах шатқалы деп атайды. Алдағы уақытта табылған бұйымдарды нақтылау үшін палеонтологтарға жолданбақ.
Музейдің ғылыми хатшысы Асхат Сайлаудың айтуынша, 1968 жылы дәл осы аумақтан "Аралозавр" деген атаумен ғылыми айналымға енген динозаврдың бас сүйегі табылған.