«Браконьер»: 3 күнде 29 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

1 500

«Браконьер»: 3 күнде 29 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Заң мен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды қорғау және заңсыз аңшылық пен балық аулау фактілерінің алдын алу мақсатында Қызылорда облысының аумағында 24–30 тамыз аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның алғашқы үш күнінде облыс көлемінде 29 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде 23 дерек – заңсыз балық аулау, 4 дерек – заңсыз аңшылық фактілеріне қатысты.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері аңшылық алқаптары мен су айдындарында заңсыз табиғат пайдаланудың алдын алуға, құқық бұзушылықтарды анықтап, олардың жолын кесуге бағытталған жұмыстар жүргізуде.

Полиция табиғи ресурстарды қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.

Заң мен тәртіп – табиғатты қорғау мен қоғамдық қауіпсіздіктің маңызды кепілі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.