“ҚЫЗЫЛОРДА ОРТАЛЫҚ ДЕМАЛЫС ПАРКІНІҢ” ЖҰМЫСЫНА КӨҢІЛ ТОЛАДЫ МА?
Қызылордалық тұрғындар орталық демалыс паркінің жаңарып, халыққа жоғары дәрежеде қызмет көрсеткенін қалайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қала орталығында орналасқан бос уақытты тиімді өткізуге арналған нысандардың бірі қалалық демалыс паркі жаз бойы қала тұрғындары мен сырттан келген қонақтардың көңілін көтеріп, еркін тынығуына мүмкіндік береді.
Десек те, соңғы жылдары демалыс бұрыштары мен түрлі ат-тракциондардың көптігі қызық қуып келген балақайлар мен серуен құруға жиылған жастарды бір алаңға жинайды. Мұнан басқа салқын сусын, балдай балмұздақ, түрлі тәттілер мен кешкі кафе қызметі демалысты көңілді өткізуге айрықша жағдай жасайды. Алайда жеке кәсіпкердің мүддесінде болған демалыс орны үстіміздегі жылы әкімдік қарамағаны өткен болатын. Расында бірнеше жылдар бойына жеке меншік иелігінде болған қалалық демалыс паркі бүгінде мемлекет тарапына өтсе де, жеке кәсіп иелерінің орнатқан әткеншектері бар екендігі баршаға мәлім.
Көненің көзіндей болған қалалық демалыс паркі 1953 жылы ашылған. Қайта жаңғыртуды талап ететін демалыс орнында бүгінде паркте бірнеше ойын аттракциондары іске қосылды. Айталық, "Циклон", "Миди", "Сюрприз", "Ракушка", "Байка", "Сколодром" сынды ойын әткеншектері орнатылған. Жасыратыны жоқ демалыс паркінде 1983 жылы құрылған "Колесо обозрение" аттракционы да 7 жылдан бері істен шығып, қайта жанданған болатын. Осы орайда:
«ШЖҚ «Қалалық мәдени және демалыс паркі» МКК-ны 2020 -2022 жылдар аралығында сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беріліп, 2023 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда қаласы әкімдігінің басқаруына қайтарылды.
Қазіргі таңда, парк аумағында барлығы 93 аттракцион бар, оның ішінде 9 аттракцион парк теңгерімінде, қалған 84 аттракцион жеке кәсіпкерлерге тиесілі.
Бүгінгі күні, демалыс орнын көркейту және жаңарту мәселесі өзекті екен рас. Осы бағытта, алдағы уақытта демалыс паркін жаңарту және жаңадан аттракциондар мен ойын алаңдарын орнату мақсатында демеушілерді тарту және қаражат мәселесін шешу секілді сұрақтар қаралып, оңтайлы шешімін табуға жұмыстар жасалатын болады» - деп жазды Қызылорда қаласы әкімдігінің өкілдері.
Қала халқының жаз маусымында уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз ету мақсатында қалалық демалыс паркі жаңғырудан өтсе деушілердің санында шек жоқ:
Желі қолданушысы Сұлтан Сәбит:
«Бұл саябақ соншалықты үлкен емес. Мысалы, бір жағынан, төбесі жабылса балалар аттракциондарының жыл бойына жұмыс істеуіне мүмкіндік болар еді. Екінші жағынан, жылыту және салқындату бар 50 метрлік жылытқыш орнатылып, жабылса жыл бойы жұмыс істейтін болады. Бұл жобалар ең көбі 2-3 жылда өзін-өзі ақтайды. Мұнда мұндай ойын-сауық орталығын салуға инвесторлар тартуға болады. Кассалық аппараттар, терминалдар орнатылады. Салықтарда төленуші еді» - дейді Сұлтан Сәбит.
Ал демалыс паркінің жұмысының сапалы әрі арзан болғанын көпбалалы аналар да қалайды.
«Бізге үлкен әрі әдемі демалыс орынын салып берсе жақсы болар еді» - дейді көпбалалы ана Гүлбахор Қорғанова.
Естеріңізге сала кетсек, Қызылорда қалалық демалыс паркінің соңғы қырық жылда жаңаланбаған аттракциондарын ауыстыру үшін облыс әкімінің қолдауымен 2012 жылы 300 млн теңге қаржы бөлініп, 6 ауқымды аттракцион орнатылған болатын.