БҰҰ-Habitat сарапшысы Нағи Ілиясов ауылында болды
Қызылорда қаласында өтетін алғашқы республикалық Ұлттық Урбан Форум аясында форум делегаты, БҰҰ-Habitat аймақаралық кеңесшісі Шефер Катя Сыр өңірінің маржаны – Н.Ілиясов ауылында болды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Н.Ілиясов ауылы – өзінің таза көшелерімен, көркейген инфрақұрылымымен және тұрғындарының белсенділігімен белгілі. Бұл ауыл – ауылдық аумақтардағы урбанизация мен тұрақты даму идеяларының нақты үлгісі.
Катя Шефер жергілікті тұрғындармен, ауыл әкімдігімен және жастар өкілдерімен кездесті. Ол ауылдың даму бағытымен танысып, инклюзивті жоспарлау, климатқа бейімделу мәселелері бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, қазақ дәстүрі мен мәдениетінен мәліметтер алды.
«Н.Ілиясов ауылы — өңірлік деңгейдегі урбан дамудың жарқын мысалы. Мұндай жергілікті тәжірибелерді халықаралық деңгейде бөлісу маңызды», – деді Катя Шефер.
Урбан Форум тек қалалар үшін емес. Ол ауыл мен қала арасындағы тепе-тең даму жолын ұсынатын жаңа платформа. Н.Ілиясов секілді ауылдар — осы өзгерістердің алдыңғы қатарында.