Қызылорда облысында тұрмыстық қалдықтар тарифі негізсіз көтерілген

2 235

Фото: pavon.kzҚызылорда облысында тұрмыстық қалдықтар тарифі негізсіз көтерілген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Прокуратураның мәліметінше, Арал ауданында аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта жарату бойынша тарифтердің заңдылығына талдау жүргізілген. Оның нәтижесінде тарифтің негізсіз жоғарылатылғаны анықталған. Бұл тұтынушылар тарапынан заңсыз төлемдер төлеуге әкелген.


Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, аудандық мәслихат жаңа шешім қабылдады. Онда ТҚҚ бойынша тарифтер төмендетіліп, нәтижесінде 40 мың жеке және заңды тұлғалардың құқығы қорғалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.