Қызылордада қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды

585
Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


31 қазанда Қызылорда облысы Талдыарал ауылының тұсында, Шымкент – Самара тас жолының 471-шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысып қалды. Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3 -бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды, сегіз адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.