Тоқаев: Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл - қазақ тілі

522
Ата Заң бойынша Қазақстанда қазақ тілі ғана мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді.

Бұл - заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл - қазақ тілі", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, президент орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие екенін, заңнамаға сәйкес оның қолданылуына кедергі жасауға болмайтынын атап өтті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.