Қазақстандықтар зейнетақы қорынан жаппай ақша алып жатыр

1 651

gov.kzҚазақстандықтар зейнетақы жинақтарынан күнделікті қажеттіліктерге жұмсау үшін жаппай қаражаттарын алып жатыр. Бұл туралы Бірінші несие бюросы мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бюро мәліметінше, шілде айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 72,1 млрд теңге алынған. Бұл маусым айымен салыстырғанда 81 пайызға өсіп отыр. Ал өтініштер саны 64 пайызға артып, 62,7 мыңға жетті. Негізінен қазақстандықтар зейнетақы ақшасын тұрғын үй салуға (40,5 млрд теңге) немесе емделуге (20,8 млрд теңге) төлеу үшін алған.


"Мұндай көрсеткіш маусым айының соңында басталған зейнетақы алуды қандай да бір жолмен шектеу қажеттілігі туралы пікірталас аясында тіркеліп отыр. Содан кейін Еңбек министрлігі бұл идеяны жалпы мақұлдап, қазақстандықтардың болашағына алаңдаушылық білдірді. Шілде айының басында министрлік көрсеткендей мерзімінен бұрын алуға толық тыйым салу қарастырылмады", - делінген хабарламада.


Шілде айының соңында Денсаулық сақтау министрлігі емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына түзетулер жобасын қоғамдық талқылауға шығарып, зейнетақы қорынан төленетін қаражатты төлеуге уақытша тыйым салуды ұсынған еді. Өйткені стоматологиялық қызмет көрсететін кейбір емханалар бұл ақшаны төлем желеуімен қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.