Мектеп басшылығы бояудың бір құтысын 1,6 миллион теңгеге сатып алмақ болған

200

Ұлытау облысында мектеп басшылығы бір құты еден бояуын тендер арқылы 1 миллион 600 мың теңгеге сатып алмақ болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласындағы мектепте заң бұзушылықты анықтады. Білім ошағының есепшілері мемлекеттік сатып алу конкурсында бояу бағасын 70 мың есе артық көрсетіп, 1 миллион 600 мың теңгеге сатып алғысы келген.


Құзырлы орган өкілдерінің араласуымен байқау қайта жарияланып, 18 құты бояу небары 47 мың теңгеге сатып алынды.


Департамент қызметкерлері осыған ұқсас тағы бір заңбұзушылықты Қаражал қаласында анықтады. Әкімдік 11 миллион теңгеден аспайтын қызметтік көлікті 65 миллион теңгеге сатып алуға конкурс жариялаған.


Айта кетері, биыл алғашқы үш айдың ішінде облыста 34 миллион теңге шамасында бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілмеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.