Бұрынғы әкім жұмыскерін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

1 364

Фото: Солтан ЖексенбековҰлытау облысы Жаңаарқа ауданының бұрынғы әкімі шаруа қожалықтарының бірінде қызмет еткен жұмысшысын ұрып өлтірді. Ер адам балаларының көзінше мерт болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаңаарқа ауданының экс-әкімі Сәкен Оспанов аудан фермаларының біріндегі қосалқы шаруашылықта жұмыс істеген адамды ұрып өлтірді. Марқұмның аты-жөні Дмитрий Рябцев. Ол әйелі, екі баласымен бірге шаруа қожалығында жұмыс істеген. Жұмыс орны қолайсыз болғандықтан ол жерден қашып кетіп, аудан орталығындағы хостелда түнемекші болған.

Сәкен Оспанов сол жерге барып, жанжал шығарған. Әзірге ұрыс неден туындағаны белгісіз. Алайда бұрынғы әкім Дмитрий Рябцевті отбасының көзінше ұрып тастаған. Ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша Ұлытау облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады және тергеу жүргізіп жатыр. Полиция қылмыс жасады деген күдікпен 65 жастағы жергілікті тұрғынды қамауға алды, — деп хабарлады Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алайда, күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында жатпағаны белгілі болды. Ұлытау облысының ПД түсіндіргендей, экс-әкімнің өзі медициналық көмекке мұқтаж болған екен.

29 қарашада инфаркт пен күдіктінің денсаулығының нашарлауына байланысты прокуратураның келісімі бойынша бұлтартпау шарасы өзгертілді және ол дәрігерлердің бақылауымен медициналық мекемеге ауыстырылды, — деп түсіндірді Полиция департаменті.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары қылмыстық істі тергеу аяқталғанын және қазіргі уақытта істі сотқа жолдау үшін тараптарды қылмыстық іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатқанын хабарлады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.