Анасы мен баласы тұрғын үйдің 12 қабатынан құлап, мерт болды
Елордада анасы мен баласы тұрғын үйдің 12-қабатынан құлап, көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 9 маусым түскі сағат 14.19-де болды. "102" нөміріне Сығанақ көшесінде 12-қабаттың терезесінен бала мен әйел құлағаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетті. Әйел алған жарақатынан сол жерде көз жұмған, ал бала ауруханада қайтыс болды.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама жасалады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.