1 жасар баланың ішінен 31 магнит алынды
Алматы қаласының балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 1 жас 9 айлық сәбиге шұғыл ота жасалдған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі
Алматы әкімдігінің мәліметінше, бала 31 магнит жұтып қойып, ішегіне ауыр зақым келіп, перитонит белгілерімен өте ауыр жағдайда жеткізілген.
Хирургтер магниттерді алып, жіңішке ішектегі зақымдарды қалпына келтіріп, құрсақ қуысын толық тазарту шараларын жүргізген. Дәрігерлердің айтуынша, бұл ота баланың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болған.
Дәрігерлер ата-аналарды балаларды магнитті ойыншықтар мен құрамында ұсақ магниті бар заттардан қорғауға, ал жұтып қойған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырды.







