1 жасар баланың ішінен 31 магнит алынды

1 527

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы қаласының балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 1 жас 9 айлық сәбиге шұғыл ота жасалдған,- деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі

Фото: Алматы әкімдігіАлматы әкімдігінің мәліметінше, бала 31 магнит жұтып қойып, ішегіне ауыр зақым келіп, перитонит белгілерімен өте ауыр жағдайда жеткізілген.

Хирургтер магниттерді алып, жіңішке ішектегі зақымдарды қалпына келтіріп, құрсақ қуысын толық тазарту шараларын жүргізген. Дәрігерлердің айтуынша, бұл ота баланың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болған.

“Мамандар тіпті бір ғана магниттің өзі қауіпті екенін айтады. Бірнеше магнит ағза ішінде өзара тартылып, ішкі тіндерді зақымдап, санаулы сағаттың ішінде ауыр асқынуға әкелуі мүмкін”, – делінген әкімдік хабарламасында. 

Дәрігерлер ата-аналарды балаларды магнитті ойыншықтар мен құрамында ұсақ магниті бар заттардан қорғауға, ал жұтып қойған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.